Миссиясы:
Әр түрлі жастағы және мүмкіндіктері бар емделушілердің қажеттіліктеріне бейімделген алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің тиімді, қолжетімді, сапалы жүйесі.
Мақсаты:
қызметтің профилактикалық бағыттылығын күшейту, тәуекел факторларының профилактикасы, дұрыс тамақтануды, өмір салтын насихаттау, медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, толықтығын және сапасын қамтамасыз ету арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.
Құндылықтар:
- Халыққа қызмет ету — денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал ете отырып, білікті, қауіпсіз медициналық көмек көрсету.
- Әділдік пен адалдық — адалдықты, жұмыста және жеке өмірде әділдікті ұстану.
- Пациенттердің игілігі үшін ұжымдық еңбек — барлық қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру және өзара сенім негізінде ортақ мақсатқа жетуге ұмтылу.
- Үнемі өзін-өзі жетілдіру — кәсіби өсуге, өз міндеттерін жауапты, адал, бейресми орындауға ұмтылу.
- Әрбір емделушіге гуманизм мен жанашырлық таныту. Оның заңды құқықтары мен адамдық қадір-қасиетін құрметтеу.
- Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, сыпайы және әдепті болу.
- «Қалалық БМСК орталығы» ЖШС-нің дәстүрлері мен жетістіктерін көбейту.
АДРЕС
ул. Байтурсынова 27
ТЕЛЕФОН
8 (7222) 77 01 36
ПОЧТА
mail@emhana-2.kz