«1 Желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің 2017 жылғы тақырыбы- «Денсаулыққа құқық»
Денсаулықтың жан жақты және ажырамас құқығы әркімге денсаулыққа ең жоғары қол жетімді деңгейін кемсітпей жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Тек адамның құқығын глобалды денсаулық сақтаудың орталығына енгізгенде ғана ешкімді көңілсіз қалдырмай барлығын медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігімен, тиімділігімен және сапасымен қамти аламыз.
ЖИТС эпидемиясы бүкіл әлемнің назарын денсаулық құқығының маңыздылығына аударды. Бірінші Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні 1988 жылғы 1 желтоқсанда өтті. Эпидемияны тоқтату мақсатында бүкіл әлемдегідей біздің елімізде де жыл сайын 1 желтоқсан күнінде Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы күні өткізіледі. Жыл сайын бұл күн әр түрлі ұранмен өтеді. 2017 жылға арналған Дүниежүзілік ЖИТС –ке қарсы кампанияның тақырыбы «Денсаулыққа құқық».
Бұл күн бүкіл республика бойынша 2017 жылғы 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін өтеді.
Өткізілетін кампания мақсаты: тұрғындардың барлығына, әсіресе жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары туралы, қоғамда науқастардың кемсітушілігін жою, дер кезінде медициналық көмегіне барып аурулардаң әбден жазылу және де өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілікті сезу туралы ақпараттандырудың деңгейін арттыру.
Айлық кезеңінде қалада жалпы қалалық акциялар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ; барлық тұрғындар үшін АИТВ/ЖИТС жөнінде оқыту тренингтер; ақпараттық- білім беру материалдырын таратып ЖИТС орталығының мамандарымен жасырын түрде кеңес беріледі; тағы басқа да көпшілік іс-шаралар өткізіледі; ақпараттық материалдар таратылады (плакаттар, үндеу хаттар, жаднамалар, буклеттер).
Семей қаласының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы семейліктерді айлыққа белсеңді түрде қатысуға шақырып отыр. АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселесі жөніндегі толық ақпаратты, кеңесті алу және АИТВ-ға тегін жасырын түрде тексеруден өту үшін ЖИТС орталығына келуге болады. ЖИТС орталығының барлық қызметтері тегін, жасырын, құпия түрінде көрсетіледі. Семей қалалық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы: Семей қаласы, Қ.Мұхамдқанов, 24 көшесінде орналасқан. Тел.: 52-21-49.