Халықты емханаларға тіркеу науқаны аясында сіз қалауыңыз бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымын таңдауға мүмкіндігіңіз бар

Халықты емханаларға тіркеу науқаны аясында сіз қалауыңыз бойынша (қызмет көрсету аймағында) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымын таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Бұл неліктен маңызды және тіркелгендерге қандай пайда болады?

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке мыналар кіреді:

— ең көп кездесетін ауруларды, жарақаттарды және басқа жағдайларды диагностикалау және емдеу;

— жұқпалы ауруларға қарсы иммундау, вакцинация;

— әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын-алу және оның ерте диагностикасы;

— шұғыл жағдайларға арналған үй қоңырауларына қызмет көрсету;

— жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі балаларға патронаттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

— медициналық оңалтуды, күндізгі стационарда емдеуді қамтамасыз ету;

— мектеп медицинасы аясында профилактикалық тексерулерді қамтамасыз ету.

Тіркеу науқаны кезеңінде емханаға тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы ұйымда медициналық көмек ала бастайды, ал бұл кезеңде тіркелмеген азаматтар үшін әдеттегі медициналық көмек қолжетімді болмауы мүмкін.


Жарияланды: 06.02.202115:20

Автор: