ӘМСҚ кімдер ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты
Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. «Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады.
Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі». Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды: – COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар; – ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар; – КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар; – стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер; – тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер; – шетелден келгендер; – коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
және жүкті әйелдер т. б.
Сонымен қатар, Қорда ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде келесі санаттағы азаматтар үшін ПТР-зерттеулер жүргізетінін хабарлады: – үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды; – арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйымдардағы адамдар); – әскерге шақырылушыларға және т.б.