Біз туралы

Емхана тарихы

«Семей қаласының №2 емханасы» ШЖҚ КМК медициналық қызмет көрсету нарығында шамамен жиырма жыл қызмет атқарады. 1998 жылдың 31 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің №572 «Денсаулық сақтау объектілерін оңтайландыру туралы» қаулысымен, бюджет қаражатын үнемді пайдалану және барлық стационарлық төсекті оңтайландыру мақсатында Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасы 1999 жылы қаңтардың 20 күні  Аумақтық Балаларға арналған, №2 Медициналық Бірлестік қайта ұйымдастырылып, мемлекеттік мекеме «№2 Амбулаторлық – Консультативті көмек орталығы» болып жаңажан тіркелді. 2008 жылдың сәуір айынан бастап, 3 ұйым бірігуі арқасында КМҚК  «Амбулаторлық – Консультативті көмек орталығы №2», КМҚК «АМСК №20 орталығы» және КМҚК «ВА Приречный» – жаңа заңды тұлға тіркелді – «Семей қаласының №2 аралас үлгідегі емханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны. 2014 жылдан бастап, «Семей қаласының №2 емханасы» ШЖҚ КМК болып қайта аталды.

Емдеу мекемесінде медициналық қызметтердің кең спектрлері көрсетіледі, көрсетілетін медициналық қызметкерлердің сапасы жақсарту және көлемін ұлғайту мақсатында, материалдық – техникалық базасын нығайту, заманауи медициналық құрал – жабдықтар сатып алу, жаңа технологияларды және жаңа емдеу әдістерін еңгізу бойынша үнемі жұмыстар жүргізілуде. Қосымша қызметтер көрсетіледі: тұрңындарға флюрографиялық зерттеу және әйелдерге маммографиялық зерттеу (сандық технологияларды пайдалана отырып), зертханалық зерттеулер спектрі ұлғаюда, шәуетті микроскопиялық зерттеу және урологиялық ауруларды емдеудің жаңа тәсілі еңгізілді зертханалық, ультрадыбыстық  және функционалды диагостика эндоскопиялық зерттеу кабинеті жұмыс атқаруда.

2008 жылдың күзінен бастап, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) бірлескен жобасы бойынша «Жас Асыл» Жастар Денсаулық Орталығы табысты жұмысын жүзеге асыруда. Жастар Денсаулық Орталығы 10-24 жас аралығындағыжастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Жастар орталығының басты қызметі – консультативті-емдік, құқықтық-әлеуметтік көмек көрсету, түрлі тақырыптағы семинарлар, тренингтер, әр түрлі жас аралықтағы іс – шаралар және акциялар өткізу. «Жас Асыл» Жастар Денсаулық Орталығы білім беру мекемелерімен, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздану, ҮЕҰ, аула клубтарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап, Денсаулық мектептері жұмыс істейді. Олар: АГ мектебі, ЖИА мектебі, жас аналар мектебі, отбасын жоспарлау мектебі.