Ойланып қарасаң күллі байлықтың жиынтығы не ақша,не таудай үйілген алтын емес,деннің саулығы ғана

Ойланып қарасаң күллі байлықтың жиынтығы не ақша,не таудай үйілген алтын емес,деннің саулығы ғана. Сол себептен басымыз ауырып,балтырымыз сыздай қалса ем іздеп,бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамда орны ерекше. Сондай ерекше дәрігерлерді айта кетейін. Мен өзім осы кісіге қаралғаныма 16 жыл болды. Ол кезде бұл кісі”Хаким”емханасында жұмыс жасайтын. Менің ауруымды,денсаулығымның қандай екенін тексермей-ақ біледі. Өте қарапайым,ақ жарқын,үлкенге ізеттілігін,кішіге құрметін білдіріп,зыр жүгіріп жүретін жан Әбенова Көкеш Қалмақбайқызы. “Хаким”емханасында жұмыс жасағанда сол кісіге қаралдым,одан ол кісі “Юность” емханасына басшы болып ауысты,мен артынан сонда қаралдым😀. Қазір 2 поликлиникада қызмет істейді. Енді сол жерге ауысып,сонда қаралам. Өте керемет жан. Поликлиникада жақсы,зертхана,узи бәрі бар. Осы ұжымдағы бір мейірбикеге тоқталайын Омарбекова Ақерке деген. Өте ізетті,тәрбиелі жан. Алдына барсаң өз жұмысын тиянақты орындап,айтқаныңды тыңдап,бетіңді қайтармайды. Өте жақсы маман. Мұндағы ақ халатты жандардың барлығы жақсы,өз істерінің мамандары. Еңбектерінің жемісін көрсін! Тағы бір маман иесін естен шығарып,елемей кетуге болмады фтизиатр Елемесова Назгүл Жұматайқызы. Ұлымның мантуы ісіп кеткен кезде,көп көмегі тиді. Рентген жасатып,анализдерді тапсыруға көмектесіп,қол ұшын созды. Шынымен жақсы адам,жақсы маман. Осындай адал,ақ халатты абзал жандарымыз көп болсын! Өз істеріне тиянақты,жылы сөз,ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Еңбектеріңіз жана берсін! Отбасыларыңызға амандық тілеймін! Сіздерге айтар алғысымыз шексіз!


Жарияланды: 24.11.202213:36

Автор: