Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс

Емхананың №30–П бұйрығына сәйкес 05.01.2015 жылы емханада сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Пациенттерді Қолдау Қызметі жұмыс атқарады. 05.01.2016 жылы қызмет құрамы №09-П бұйрығы бойынша жаңартылып, бекітілді. 2016 жылдың 1 тоқсаны бойынша жеке тұлғаның медициналық көрсетілген қызмет сапасына талдау жасалынды. 1 тоқсан бойынша барлығы – 106, соның ішінде жазбаша – 66,66,2%, ауызша 40-37,7%, заңды тұлғалар тарапынан өтініш болған жоқ. Тікелей медициналық ұйымға жүгінгендер 104-98,1%, соның ішінде «Сенім поштасы» 62-58,4% және «Сенім телефоны» 7-6,6%. Семей қаласының ДСБ сайтына –1, Саll – центр – 1.

Жеке тұлғалардың өтініші: шағын – 12-11,3%, пікірлер – 20,  басқада өтініштер 12-30,1%. Сұраныс пен ұсыныстар және өтініш тіркелмеген.
Шағымдардың пайда болуының негізгі себебі: медициналық қызметкерлердің қарым –қатынасқа түскен кездегі этика және деонтологияның бұзуы, науқастарды қабылдау ұйымдарының жетіспеушілігі (отбасылық дәрігерге талондардың аздығы, мамандырылған мамандардың қабылдауына жазыла алмауы, тіркеу бөлімінен амбулаторлық картаны таба алмауы, орта медициналық қызметкерлердің өзінің функционалды міндеттерін ұқыпты орындамауы және т.б.)
Барлық өтініштер «Осында және Қазір» принципімен шешіледі.

  1. өтінішті тексерудің қорытындысы бойынша
  2. Негізделген жоқ
  3. Ішінара негізделген 4-33,3%
  4. Негізделмеген 8-66%

Қабылданған шаралар: барлығы 12 өтініш (шағым) емдік кеңесте талқыланды, соның ішінде 3 мед.қызметкерге ауызша ескерту айтылды, сөгіс – 1, түсіндірілді – 8.
Бүгінгі таңда жекелей және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуына қажетті жұмыстар жүргізілуде.
2007 жылы 12 қаңтардағы №221 Заңы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштердің қарау тәртібі туралы» ҚР заң талаптары орындалды (16.11.2015 жылы өзгерістерімен толықтырылған).

Жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бақылау күшейтілуде.
2016 жылдың қаңтарының 1-і күні қызметкерлердің арасында семинар жүргізілді. Тақырыбы: «Этика және деонтология». Емхана қызметкерлерінің арасында оқыту жүргізіледі, сонымен қатар қателіктерді болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.