Абай облысының тұрғындары үшін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа цифрлық сервистер қолжетімді болды

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында Абай облысында «СК-Фармация» ЖШС әзірлеген Telegram және WhatsApp платформаларындағы заманауи цифрлық сервистер іске қосылды.

Жаңа чат-боттар облыс тұрғындарына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты онлайн форматта жедел алуға мүмкіндік береді.

Чат-боттардың көмегімен тұрғындар:

  • дәрілік препараттардың қолжетімділігін тексере алады;
  • рецептік тағайындаулар туралы ақпарат ала алады;
  • мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі аясында тегін берілетін дәрілік заттардың тізімімен таныса алады;
  • Байланыс орталығына өтініш жолдай алады;
  • сервисті тәулік бойы (24/7) пайдалана алады;
  • ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ала алады.

Цифрлық сервистерді пайдалану дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығын арттыруға, қажетті ақпаратты іздеуге кететін уақытты қысқартуға және пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Қызметті пайдалану үшін QR-код арқылы өту немесе Telegram және WhatsApp желілеріндегі чат-боттарды пайдалану жеткілікті.

Байланыс ақпараты:

📞 Байланыс орталығы – 1439

📧 E-mail: info@sk-pharmacy.kz

Telegram-бот: @cont_center1_bot

Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпаратты жедел алу үшін жаңа цифрлық сервистерді белсенді пайдалануға шақырады.

АДРЕС

ул. Байтурсынова 27

ТЕЛЕФОН

8 (7222) 77 01 36

ПОЧТА

mail@emhana-2.kz

Прокрутить вверх